Бұл курс стартапты инновацияларға, икемділікке және гипотезаларды жедел сынақтан өткізуге негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрі ретінде жан-жақты зерттеуге арналған. Курстың кіріспе бөлімінде тыңдаушылар стартаптың түсінігі, оның негізгі қағидаларымен және дәстүрлі бизнестен айырмашылықтарымен танысып, стартап-жобалардың табиғатын толық түсінуге мүмкіндік алады.
Курстың негізгі бөлігі стартап құру әдіснамасын кезең-кезеңімен ашады: Minimum Viable Product (MVP) әзірлеу, аудитория қажеттіліктерін зерттеу үшін Customer Development жүргізу, Product–Market Fit-ке қол жеткізу және одан әрі масштабтау. Стартап дамуын тиімді басқаруға және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін практикалық құралдар мен өлшемдер қарастырылады.
Курстың қорытынды бөлігі құқықтық аспектілерді қамтиды: патенттеу, авторлық құқық, зияткерлік меншікті қорғау, стартап идеялары мен өнімдерін қорғау тетіктері. Осылайша, курс тыңдаушыларға стартаптың өмірлік циклі туралы - идеядан бастап нарыққа шығу мен инновациялық нәтижелерді қорғауға дейінгі жүйелі түсінік береді.

- Учитель: Zhulduz Mussalimova
- Учитель: Самал Ульярова
«HOME CARE» курсы — үйде күтім жасау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға арналған симуляциялық оқыту. Курс барысында қатысушылар заманауи күтім әдістерін, қауіпсіздік ережелерін және науқастар мен олардың отбасыларымен қарым-қатынасты меңгереді.
