Жалпы курс барлық білім алушылар санатына арналған, өйткені әр жыл сайын білім беру бағдармаларының өзгерістеріне сәйкес, жаңашылдық теориялармен және тәжірибелермен толықтыру болып табылады. Бұл курс аясында барлық болашақ дәрігерлермен және ғалымдар өз біліктіліктерін арттыруда таптырмас құрал. Сүйек тінінің минералды тығыздығын сақтап қалу және остеопороздың алдын-алу ДДҰ-ң басты міндеті болып отыр.


Курс направлен на изучение основных принципов общей и органической химии с акцентом на биологические процессы и молекулярные основы жизни. Студенты познакомятся с фундаментальными понятиями химии, структурой и свойствами органических соединений, а также с ролью биоорганических молекул в живых организмах.

Курс қан жүйесі ауруларының даму механизмдеріне қызығушылық танытатын медицина және биомедицина бағытындағы студенттерге арналған. Курс барысында қан түзілу мен гемостаздың бұзылуына негіз болатын негізгі патогенездік үдерістер қарастырылады.

Сіздер анемия, лейкоз, тромбоцитопатия және басқа да патологиялық жағдайлардың қалай және не себептен дамитынын, олардың клиникалық көріністерінің негізінде қандай механизмдер жатқаны және бұл зертханалық диагностика мәліметтерімен қалай байланысатыны туралы білесіздер.



Курс адам ағзасындағы қан айналым жүйесінің қалыпты физиологиясының негіздерін зерттеуге арналған. Модуль аясында жүрек, тамырлар жүйесі және қан сұйықтығының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Жүректің жұмысы, қан ағымының реттелуі, қан қысымының физиологиялық көрсеткіштері мен қан мен тіндер арасындағы зат алмасу үдерістеріне ерекше назар аударылады.

Курс «Эндокринные синдромы в общей врачебной практике (сахарный диабет)»  посвящён современным подходам к диагностике, лечению и профилактике сахарного диабета 1 и 2 типов. В нём рассматриваются патогенез, классификация, лабораторные и клинические критерии, принципы инсулинотерапии и медикаментозного лечения, а также профилактика и обучение пациентов  в условиях ПМСП


Курс направлен на формирование у студентов системных знаний и практических навыков в области физико-химических закономерностей химических процессов и систем. Особое внимание уделяется изучению структурных и функциональных характеристик коллоидных систем, имеющих ключевое значение в биологических и фармацевтических технологиях.

Бұл курс стартапты инновацияларға, икемділікке және гипотезаларды жедел сынақтан өткізуге негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрі ретінде жан-жақты зерттеуге арналған. Курстың кіріспе бөлімінде тыңдаушылар стартаптың түсінігі, оның негізгі қағидаларымен және дәстүрлі бизнестен айырмашылықтарымен танысып, стартап-жобалардың табиғатын толық түсінуге мүмкіндік алады.

Курстың негізгі бөлігі стартап құру әдіснамасын кезең-кезеңімен ашады: Minimum Viable Product (MVP) әзірлеу, аудитория қажеттіліктерін зерттеу үшін Customer Development жүргізу, ProductMarket Fit-ке қол жеткізу және одан әрі масштабтау. Стартап дамуын тиімді басқаруға және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін практикалық құралдар мен өлшемдер қарастырылады.

Курстың қорытынды бөлігі құқықтық аспектілерді қамтиды: патенттеу, авторлық құқық, зияткерлік меншікті қорғау, стартап идеялары мен өнімдерін қорғау тетіктері. Осылайша, курс тыңдаушыларға стартаптың өмірлік циклі туралы - идеядан бастап нарыққа шығу мен инновациялық нәтижелерді қорғауға дейінгі жүйелі түсінік береді.


«HOME CARE» курсы — үйде күтім жасау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға арналған симуляциялық оқыту. Курс барысында қатысушылар заманауи күтім әдістерін, қауіпсіздік ережелерін және науқастар мен олардың отбасыларымен қарым-қатынасты меңгереді.